28 жастағы атыраулық әйел ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтап келген. Бірақ жымын білдірмей жүре берем дегені болмады. Қырағы сақшылар барлық айғақ-деректі жиып-теріп, көз жеткізген соң жедел-іздестіру жоспарын түзген. Сөйтіп, жеке басын анықтап, оны көпқабатты тұрғын үй ауласында қолға түсіріпті. Тексеру кезінде күдіктіден 159 құты «Тропикамид» деген препарат тәркіленген. Есірткі тектес затты қандай мақсатта сақтағаны, сыбайластарының бар-жоғы әзірге белгісіз. Бәрі тергеу кезінде анықталмақ.