Күйеуінен тізгінді тартып алған әйелдер көлікті басқара алмай, бәле болды. Өткенде жолы Көкшетауда бір келіншек тротуарда жаяу жүргіншіні қағып өлтірген еді. Ал күні кеше тағы бір әйел жол талғамайтын темір тұлпармен жаяулар жүретін жолға шығып кетіп, анасы мен баласына қауіп төндірді. Абырой болғанда, екеуі де аман қалыпты. Жеткіншек жеңіл-желпі жарақат алған. Қазір кінәлі әйел үйқамақта. Ал жүргізуші куәлігі жоқ жұбайына рөлді берген ер азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ХАБАРЛАМАСЫНАН:
Баланың ата-анасы жүргізушіге қатысты шағымнан бас тартты. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша материал жинап, жүргізуші қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.