Елімізде тағы бір ұшақ апатты жағдайда қонды. Шағын самолет әуежайға емес, тау баурайындағы ағаштар мен бұталардың арасына түсіпті. Оқиға Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында болған. Ан-2 ұшағы неге екені белгісіз, төмен қарай құлдилай бастапты. Жақын маңда әуежай да жоқ. Қайта Құдай сақтап, таулы аймаққа сәтті қонған. Көлік министрлігінің дерегінше, адамдар аман. Қазір апаттың мән-жайын анықтау үшін өңірге департамент қызметкерлері аттаныпты.