Шахтада тағы екі адам көз жұмды. Қайғылы жағдай Ақмола облысының Бестөбе кенішінде болды. Полицияның дерегінше, олар қоршалған аумаққа заңсыз кірген. Әдетте, бұл жерге адамдардың жасырынып, алтын іздеуге баратыны жайлы жиі айтылады. 38 және 21 жастағы жігіттер кеніштің ішінде жүргенде тау жынысы опырылып кетіп, екеуін бірдей басып қалыпты. Марқұмдардың Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары екен. Қазір қорғалатын нысанға заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.