18 мың дозаның көзін құртты. Тәртіп сақшылары еліміздің бірнеше өңірінде есірткі таратып жүрген жастарды ұстады. Олардан тәркіленген синтетикалық заттың жалпы салмағы алты келіден асады. Жедел іздестіру шаралары Алматы қаласында және Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында өткен. Мысалы, оңтүстік астанада тұтылған жігіттерден синтетикалық есірткі мен психотроптық әсері бар заттар табылған. Ал Шығыс Қазақстан облысында интернет-дүкендегі куратордың тапсырмасын орындап, басқа өңірлерге наркотикалық заттар жіберумен айналысқан тұрғыннан екі келіден артық есірткі тәркіленді.
БАҚЫТЖАН ӘМІРХАНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі іс жүргізу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта өзге де қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.