Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Елімізде аутизмге қарсы дәрі бар ма?

Ата-ананың үмітімен ойнауға болмайды. Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік желілерде де тарап жатқан «аутизмді толық емдеу», «жалған аутизм» туралы ақпараттарға сенбеуге шақырды. Ведомство мәліметінше, бүгінде аутизмді «тез және толық емдеуге» қабілетті, ғылыми тұрғыдан дәлелденген әдіс жоқ. Ал жарнамасы жер жаратын түрлі терапиялар мен күмәнді дәрі-дәрмектер аутизммен күресіп жүрген ата-аналарды адастырып, уақыт жоғалтуға әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан балалардың денсаулығын жалған сенсацияға айналдырмау керектігін ескертті.

МАЙРА БЕЙСЕН, ҚР ДСМ АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Өкінішке қарай, әлеуметтік желілерде эмоцияға құрылған, ғылыми негізі жоқ кеңестер өте көп. Кей жағдайда коммерциялық мақсаттағы ұсыныстар да кездеседі. Сондықтан әрбір ата-ана ақпаратты тексеріп, қабылдауы қажет. Тағы бір маңызды мәселе – аутизм туралы қоғамда қалыптасқан қате пікірлер. Мысалы, вакцина аутизм тудырады деген ақпарат ғылыми түрде бірнеше рет жоққа шығарылған. Аутизм ата-ананың тәрбиесінен немесе мейірімінің аздығынан болмайды. Ол жұқпалы ауру емес.

← Барлық жаңалықтар