Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Ипотека рәсімдеу қиындайды

Енді ипотека рәсімдеп, кредит алу қиындайды. Ұлттық банк қазақстандықтардың несие жүктемесіне лимит қоюды жоспарлап отыр. Яғни, әрбір қарыз алушы үшін несиенің ең жоғары сомасы шектелмек. Мамандардың айтуынша, бұл қадам несібесін несиеге байлап бергендердің тығырыққа тірелуін алдын алу үшін жасалып отыр. 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап адамның жалпы берешегі оның сегіз жылдық табыс көлемінде белгілеу жоспарлануда. Онысымен қоймай, қаржы ұйымдарының да несиені оңды-солды таратуына тосқауыл қойылмақ. Айта кетейік, бұл шектеулер елдегі қаржылық тұрақтылықты сақтап, берешекке белшесінен батқандардың санын азайту үшін қолға алынып отыр.

← Барлық жаңалықтар