Ақмола облысында тасжол уақытша жабылды. Астрахан ауданы Қоскөл ауылының маңында жоғары кернеулі электр желісі құлап, сымдары трассаның үстіне шашылып қалған. Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігінің тіркемесі ажырап кетіп, бағанға барып соғылған. Салдарынан темір тұлпарлар не ары, не бері өте алмай қалды. Полицейлер дереу жол қозғалысын реттеген. Сөйтіп, жеңіл көліктер жақын маңдағы елді мекенді айналып өтіп, жүрістерін жалғастыруда. Ал энергетик мамандар жөндеу жұмыстарын жүргізіпті. Апатқа кінәлі жүргізуші жауапкершілікке тартылған.