Мазмұнға өту
· 18 қаралым

Балаларға бас-көз болыңыздар!

Былтыр елімізде жол-көлік оқиғалары салдарынан 285 бала көз жұмып, жүздеген жеткіншек түрлі дене жарақатын алған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, бұл жағдайлардың дені жазғы демалыс кезінде болады екен. Осыған орай Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен республика аумағында «Абайлаңыз, балалар!» атты алдын алу шарасы өтіп жатыр. Оның аясында елорданың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлары мектептер мен балабақшаларды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ал тәртіп сақшыларына жас жол инспекторлары да көмектесуде. Мұндай жасақтар бас шаһардың барлық мектебінде құрылған.

НҰРТАС ЖАҒАБАЕВ, №104 МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Осы акцияның мақсаты, бірінші кезекте, оқушылардың жол-көлік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қауіпсіздік шараларын түсіндіру. Қазіргі жазғы демалыстың алдында оқушыларға қауіпсіздік шараларын түсіндіру, ата-аналарын тыңдау, жолдың арнайы белгілерінен өту. Және де осылар бойынша бізде қазір ашық сабақтар, тәрбие сағаттары, кездесулер, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Гүлмира Сәулебекова 

← Барлық жаңалықтар