Мазмұнға өту
· 15 қаралым

Атышулы жол апатына қатысты іс сотқа жіберілді

Алматыда үш адамның өмірін қиған сұмдық жол апатына қатысты іс сотқа жіберілді. Бұл туралы қайғыдан қан жұтқан отбасылардың бірінің адвокаты Олег Чернов мәлімдеді. Бұл іс Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен тергелген. Біріншісі – айыпталушының мас күйде рөлге отырғаны, екіншісі – құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі. Алдын ала сот отырысы 28 мамырда өтеді. Еске салсам, қоғамда үлкен резонанс туғызған бұл жол апаты 21 наурыз күні түнде Әл-Фараби даңғылында болған еді. Қытайдың қымбат көлігін басқарып құйғытқан жүргізуші қарсы жолаққа шығып, неміс темір тұлпарымен бетпе-бет соқтығысты. Өз жолымен келе жатқан машинадағы үш адам: жас жігіт пен екі бойжеткен сол жерде қаза тапты. Осы оқиғадан кейін Алматы полиция департаментінің бірнеше лауазымды тұлғасы қызметінен босатылды.

← Барлық жаңалықтар