Қазір ел арасында «50 жасқа дейінгі ер азаматтарды әскерге шақырады екен» деген әңгіме желдей есіп жүр. Көп жанды ойландырып қойған сауалға Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев жауап берді. Әскери қызметшіге тән мінезбен ол «ведомствода мұндай жоспар жоқ» деп қысқа қайырды. Айта кетейін, бұған дейін мұндай ұсынысты Астана қаласы қорғаныс істері департаментінің өкілі, полковник Ғани Артықов айтқан еді. Бұл бастама әлеуметтік желіде біраз пікірталасқа арқау болды.