Мазмұнға өту
· 9 қаралым

«Тер төкпей теңге табасың»

Тер төкпей теңге табасың! Оңай байып кетудің сиқырлы формуласын ұсынған қаржы пирамидасының жымысқы әрекеті әшкере болды. Қаржылық мониторинг агенттігі Жамбыл облысында «ENVIDA AI» деген атаумен алаяқтық схема құрғандарға қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қулар WhatsApp желісі арқылы «күн сайын үздіксіз пассивті табыс табасың» деп, азаматтарды қатарына тартқан. Нақты активтерге инвестиция салып отырасыз деп сендірген. Су жұқпас суайттар жүздеген адамды сазға отырғызыпты.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жоба өзін нақты активтерге инвестиция салатын халықаралық экожүйе ретінде таныстырған. Нәтижесінде қаржы пирамидасына 370-тен астам салымшы тартылған. Қатысушылар географиясы еліміздің алты өңірін қамтиды: Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары және Алматы қаласы. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмысы жалғасып жатыр.

← Барлық жаңалықтар