Ажал аяқ астынан. Алматыда 29 жастағы жігіт попкорнға қақалып, қайтыс болды. Кинотеатрға кірерде бір шелек тіскебасарды сатып алған ол фильм басталмай тұрып тұншығып, әжетханаға барып, құсып та келіпті. Алайда тамағы жыбырлап, жүрегі қысылып, сол жерде есінен танып қалған. Куәгерлер жедел жәрдем жеткенше алғашқы көмекті көрсеткенімен, аман алып қала алмапты. Қазір полиция оқиғаны тексеріп жатыр.