Тәжвирустан құтылып, хантавирус туралы ақпараттардан есеңгіреп жүргенде, Эбола вирусы өршіп барады. Африкалық дәрігерлер дабыл қақты. Әсіресе Конго Демократиялық Республикасында індет үдеп, жағдай күрт нашарлаған. Науқастардың нөпіріне жергілікті ауруханалар төтеп бере алмауы мүмкін. Халықаралық денсаулық сақтау ұйымдары осылай деп шошып отыр. Сәуір айының соңынан бері елде 750 адамның денесін аталған дерт дендеп, 177 жан бақилық болған. Кеселмен күресуге мемлекеттің қауқары әзірге жетпей тұр. Өйткені вирусқа қарсы не вакцина, не нақты ем жоқ. Оның үстіне аймақтағы қарулы қақтығыстар мен қаржы тапшылығы да жағдайды одан сайын ушықтырып отыр екен.