Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Астана аспаны ұшаққа толады

Астанада аяқ астынан сирена қосылып, қатты дыбыстар естіліп жатса, алаңдамаңыз! Қорғаныс министрлігі төрт күннен кейін еліміздің Қарулы күштеріне қарасты Әуе қорғанысының жоспарлы іс-шарасы өтетінін мәлімдеді. Соған орай ертең елордада әскери ұшақтар ұшырылып, дайындық жүргізілмек. Жауаптылар бұл халықтың бұйығы тірлігіне кедергі болмайтынын және қауіпсіздік сақталатынын айтты. Сондай-ақ әуе көліктері аспанда түрлі-түсті түтін шығаратынын, бірақ оның денсаулыққа зиянсыз екенін ескертті.

← Барлық жаңалықтар