Пойыздағылар заңды ұмытып кете ме, қалай өзі? Көлік инспекторлары 280 құрамды тексеріп, 570-тей былықты әшкерелеген. Мәселен, 90-дай адам билетсіз жүрген, ал мың тоннадан астам жүк ешқандай ресми құжатсыз тасымалданған. Тексерушілер бірінші кезекте вагондардың жай-күйіне, қызмет көрсету және мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдау сапасына мән беріпті. Соның нәтижесінде олқылықтарды жөнге келтіргенше жүруге болмайды деп, 9 вагонды қаңтарып қойды. Мұндай тексерістер әлі де жалғасады.
Акбаян Сұлтанмұратова