Ақтөбеде даладан бала табылды. Жаңа туған шақалақты полиэтилен дорбаға салып, теректің түбіне тастап кеткен жерінен бейтаныс адамдар байқап қалыпты. Полицияға да хабарласқан солар екен. Қазір анасын іздестіріп жатыр, ал нәресте дәрігерлердің бақылауында.
АЙГҮЛ АМАНЖОЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бала жолдасымен пакетке салынған, қалалық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізілді. Салқындатылған күйде. Шамамен салмағы 3 келідей, ер жынысты бала. Қажетті ем-домдарды көрсетудің арқасында баланың жағдайы жақсарды.