Мазмұнға өту
· 5 қаралым

«Алтын белгі» қанша түлекке бұйырады?

Үздік оқушылардың қатары жыл сайын көбейіп келеді. Биыл өткен оқу жылымен салыстырғанда «Алтын белгіге» үміткерлердің саны айтарлықтай артқан. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың мәлімдеуінше, қатарластарынан оқ бойы озық шыққан 13 мыңнан аса түлек үмітті ақтайды деген сенім бар. Ал үздік аттестат алатын оқушылардың да көрсеткіші жаман емес. Қызыл куәлік мектеп бітірген 18 555 түлекке, 9-сыныпты аяқтаған 31 мыңнан астам шәкіртке бұйырады.

← Барлық жаңалықтар