Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Павлодарда жел сілкінді

Бүгін Павлодар облысында жер сілкінді. Жерасты дүмпуін Екібастұз қаласы мен Баянауыл ауданының тұрғындары сезген. Бастапқыда олар бұл тербелісті көмір қимасындағы жарылыс жұмыстары деп ойлаған. Сейсмикалық тұрғыдан қауіпсіз саналған Павлодар өңірі үшін бұл таңсық құбылыс. 2 балдық жер сілкінісінен кейін облыста жедел штаб құрылып, тұрғындар үшін жедел желі іске қосылды. Әзірге қираған ғимарат, зардап шеккендер жоқ.

НАСЫПГҮЛ ҚАҢТАРБАЕВА, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Алдымен сәл гүріл естілді, содан кейін барлық жиһаз қозғала бастады. Сауда үйлерінде немесе үйлерінде болған көптеген адамдардың жиһаздары құлаған, біз үшін түсініксіз жағдай болды, қорқынышты болды деп ойлаймын.

Бұл жайтқа байланысты облыстағы төтенше жағдай мамандары тек ресми ақпаратқа сену қажеттігін алға тартып отыр. Әйтпесе мұндай оқиға кезінде әлеуметтік желіде неше түрлі алып-қашпа әңгіме тарайтыны рас.

АЯН БЕЙСЕКИН, ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Жалпы жағдай тұрақты. Жедел жәрдемге ешқандай өтініш түскен жоқ, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлерде кейбір шағын салдарлар бар.

← Барлық жаңалықтар