Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Ерлан Қарин кеңес өткізді

Ежелгі дәуірден бүгінге дейін. Елімізде Қазақстан тарихына арналған көптомдық академиялық басылым жарыққа шығайын деп жатыр. Ерлан Қарин жобаның басы-қасында жүргендерді жинап, соны әзірлеу бойынша арнайы кеңес өткізді. Жиынға Ұлттық музей басшылығы, Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, «Ұлттық аударма бюросы» мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері қатысты. Мемлекеттік кеңесшіге басылымның алты томын баспаға әзірлеу барысы туралы есеп берілді. Аталған жинақ редакция алқасының бұған дейінгі тоғыз отырысында қарастырылып, бекітілген еді.

← Барлық жаңалықтар