Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Мектептерде ТЖБ мен БЖБ алынып тастала ма?

Алдағы уақытта мектептерде ТЖБ мен БЖБ болмайды. Яғни тоқсандық жиынтық бағалау алынып тасталады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Үкіметте өткен брифингте айтты. Жұлдыз Сүлейменованың сөзінше, қазір осы бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр екен. Оқу бағдарламасына бұрынғыдай диктант, шығарма, мазмұндама мен бақылау жұмыстары енгізілмек. Алайда бұл барлық сыныптарға қатысты емес деді министр.

ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРІ:

Ата-аналар тарапынан да, ұстаздар тарапынан да көптеген сын-пікірлер айтылды. Бүгінгі таңда біз стандарттың аясында осы критериалды бағалау жүйесін қайтадан зерделеп жатырмыз. Дәл қазір Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитеті 1-сыныптан 11-сыныпқа дейін 16 пәннің аясында тек қана 2025-2026 жылғы өткізілген СОР, СОЧ-тың талдау жұмыстарын, зерделеу жұмыстарын өткізді.

← Барлық жаңалықтар