Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Субсидия көлемі азаяды

Енді шаруаларға берілетін субсидия көлемі азаяды. Теңізден көп теңгені судай шашқан бағдарламаның түгесілер тұсы жақын. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2029 жылға дейін агроөнеркәсіпті қолдаудың жаңа түрін енгізбек. Мемлекет фермерлерге берілетін кей субсидияларды азайтып, оның орнына арзан пайызбен несие беруге көшпек екен. Яғни 5%-бен жылдық жеңілдетілген несие іске қосылады. Сондай-ақ лизинг арқылы шаруаға қажетті техниканы шертіп таңдап алуға болады. Жауаптылар мұны бюджет қаржысын тиімді жұмсаудың тетігі дейді. Ауыл шаруашылығын нарыққа бейімдеудің негізгі тәсіліне айналмақ.

← Барлық жаңалықтар