Мазмұнға өту
· 1 қаралым

Президенттер форумға қатысып жатыр

Бірақ форумның соңы бұл емес. Еуразия кеңістігінің болашағы талқыланатын маңызды кездесу енді басталады. Жиынға Астанаға арнайы келген президенттер де қатысады. Кешкі кездесулердің жайын әріптесіміз тікелей қосылымда тарқатты.

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСҰЛАНҰЛЫ, ТІЛШІ:

Таңнан бері Тәуелсіздік сарайында екі ел арасындағы достық пен татулықтың жеті негізін талқылап, бірқатар құжатқа қол қойған Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақтың отырысына келеді. Сауда мен серіктестіктің алтын көпіріне айналған ұйымға бес мемлекет мүше. Маңызды жиынға Беларусь президенті Александр Лукашенко да арнайы ұшып келді. Бұған дейін форум аясында жасанды интеллектінің игілігін экономиканы ілгерілетуге пайдалану мәселесі көтерілді. Сондай-ақ кедендік кедергілерді азайтып, цифрлық сауданы дамыту арқылы ортақ нарықты жаңа деңгейге көтеру жайы сөз болып жатыр.

ИРАН ШАРХАН, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Қазір біздің кәсіпорындарда жол картасы бойынша әр ірі компанияға осы цифрландыру, автоматтандыру мәселелерін енгізіп жатырмыз. Яғни, бізде жеті ірі кәсіпорын бар: Қазцинк, ERG, Қазақмыс, KAZ Minerals. Сол өндірістерде біз осы жобаларды енгізіп жатырмыз.

Бестіктің бірлескен отырысы бір күнмен бітпейді. Ертең президенттердің қатысуымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтпек. Алқалы жиын барысында ел басшылары экономикалық ықпалдастықтың жаңа бағытын саралап, ортақ нарықтың тамырын тереңдету жайын талқылайды.

← Барлық жаңалықтар