Мазмұнға өту
· 1 қаралым

Димаш Құдайбергеннің суреттері Нью-Йоркте ілініп тұр

Әлемдік деңгейдегі бірегей дауыс иесі Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай Манхэттендегі алып LED-экрандарда арнайы бейнеролик көрсетілді. Салтанатты шараны әншінің америкалық жанкүйерлері ұйымдастырған. Нью-Йорктегі нөсер жаңбырға қарамастан, олар дәстүрлі құттықтауды биыл да жоғары деңгейде өткізді. Айтулы күнде Димаштың фан-клубы тек өнермен шектелмей, қайырымдылыққа да үн қосты. Олар Димаш ізгі ниет елшісі болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон ұйымы ұйымдастырған арнайы науқанға қолдау көрсеткен. Осылайша Нью-Йорктің қақ ортасында өнер мен мейірім тоғысып, әлем назарын аударды. Бұл шара Димаштың шетелдегі жанкүйерлерінің оның шығармашылығына ғана емес, қайырымдылық бастамаларына да ерекше мән беретінін көрсетті.

← Барлық жаңалықтар