Мазмұнға өту
· 11 қаралым

ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары арнайы көрмені тамашалады

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет басшылары Астанадағы форум аясында арнайы көрмені тамашалады. Бес елдің президенттері мен делегация жетекшілеріне технологиялық және цифрлық шешімдер мен халықаралық Alem AI жасанды интеллект орталығының мүмкіндіктері көрсетілді. Сондай-ақ мәртебелі меймандардың назарына цифрлық музейдің жәдігерлері ұсынылды. Мемлекет басшыларына Қазақстан тарапы Astana Smart City, Alem GPT, Smart Dana Finance секілді ауқымды жобаларын таныстырып өтті. Көрме аясында жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдердің күнделікті басқару мен қалалық инфрақұрылымға қалай енгізіліп жатқаны жан-жақты көрсетілді.

← Барлық жаңалықтар