Маңғыстау облысында мектеп түлектері сыныптасына баспана сыйлады. Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылында 20 жылдық кездесуге жиналғандар замандасына осындай тосынсый жасады. 2006 жылы білім ұясынан ұшқан ауылдың ұл-қыздары жиналған қаржыларын даңғазалыққа шашпай, қайырымдылыққа жұмсауды ұйғарыпты. Олар екі баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған сыныптасы Қарлығаш Аяповаға 25 мамыр күні баспананың кілтін табыс етті. Үйдің ішін жиһазбен, керек-жарақпен де жабдықтаған. Шынайы достықтың үлгісін көрсеткен түлектердің тартуын жерлестері үлгі етіп айтып жүрген көрінеді. Түлектер мұндай игі істі даңғазалықсыз, үнсіз жасауға тырысқан. Олардың айтуынша, бастысы – көп жылдық достықты нақты іспен дәлелдеу.