Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Оңтүстікте қарбыз пісті

Түркістан облысында ең қарбалас маусым басталып, бағбандар қарбыз жинауға кірісті. Шаруалардың айтуынша, биыл мол өнім алуға тұрақты суару жүйесі оң әсер еткен. Дән себілгелі егіс алқаптарына тіршілік нәрі жеткілікті көлемде беріліп отырыпты. Осының арқасында маңдай терлері ақталып жатыр.

ШАКИРБОЙ РАДЖАПОВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

10 гектар қарбыз егілген. Сонымен қазір бүгінгі екі гектарын тапсырдық. Құдай қаласа, 8 гектары тұр. Енді соны да 1-2 күнде тапсырамыз.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, қазір ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамтуды реттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бақша дақылдарымен қатар, мал азығына арналған егістіктерге де тіршілік нәрі уақытылы жіберіліп тұр.

← Барлық жаңалықтар