Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Қай кінәң кешіріледі?

Тек темір тордың ар жағындағы азаматтар ғана емес, бостандықта жүріп бұзақылық жасағандардың да жазасы жеңілдейді. Ел тарихында тұңғыш мәрте әкімшілік амнистия берілмек. 17 миллиард теңге көлеміндегі миллиондаған айыппұл кешіріліп, азаматтар мен кәсіпкерлердің қаржылық жүгін жеңілдету көзделіп отыр. Бұл қадам елдегі экономикалық белсенділікке жаңа серпін беруге бағытталған. Ескеретін жайт, тек 2026 жылдың 17 наурызына дейін төленбеген айыппұлдар алынып тасталады. Осылайша қағаз жүзінде хатталған қарыздың бір бөлігі тарих қойнауына кетпек. Дегенмен бұл жеңілдік мас күйінде көлік жүргізіп, куәлігінен айырылғандарға берілмейді. Сондай-ақ қоғамдық тәртіпке қауіп төндіріп, қару мен есірткінің заңсыз айналымына бас сұққандар жазадан жалтармақ емес. Әкімшілік амнистия азаматтар мен кәсіпкерлердің қаржылық жүгін жеңілдетуге бағытталған.

← Барлық жаңалықтар