Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Украинада отырып, қазақстандықтарды алдаған

«Алло» деп телефонның тұтқасын көтеріп, беймәлім біреулерге алданып қалғандар азаймай тұр. Тіпті шетелде отырып-ақ жеке деректеріңізге қол жеткізіп, төрттаңбалы цифрдің көмегімен тақырға отырғызып кететіндер көбейіп барады. Осындай әккілердің бір тобын Қазақстан мен Украинаның арнайы қызметтері бірлесіп қолға түсірді. Қаскөйлердің ордасы Одесса қаласында орналасқан екен. Интернеттің иірімін әбден меңгеріп алғандар алаяқтық әрекеттерін ұзақ уақыт бойы іске асырып келіпті. Осы күнге дейін 120 қазақстандықты алдап соғып, оларды 85 млн теңге шығынға батырған. Арнайы операция кезінде олардан 2 қымбат автокөлік, 26 компьютер, 49 мобильді құрылғы мен еліміздің рәміздері тәркіленген.

ЖАНДОС СҮЙІНБАЙ, ҚР ІІМ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Қаскөйлер әлеуметтік инженерияның заманауи тәсілдерін қолданған. Олар байланыс операторларының, банктердің, құқық қорғау органдарының және мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері ретінде танысып, азаматтардың смартфондарына зиянды заттарды орнатуға көндірген. Операцияның қорытындысы бойынша Украинаның 9 азаматы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

← Барлық жаңалықтар