Мазмұнға өту
· 7 қаралым

Жол апаты: студент қос аяғынан айырылып қалды

Жолаушылар мінген такси апатқа ұшырап, 21 жастағы студент қос аяғынан айырылды. Тіпті жедел жәрдем көлігімен ауруханаға апара жатқан кезде жүрегі тоқтап қалып, білікті дәрігерлер қайта тірілткен. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ал машинадағылардың бәрі «Яндекс такси» арқылы тапсырыс беріп, Астанадан Павлодарға қарай бет алған екен. Рөлдегі 22 жастағы жас жігіт жүйіткіп келе жатып, жол бойындағы темір қоршауға соғылған. Соққының қатты болғаны соншалық, көліктің сау тамтығы қалмапты. Полицейлер қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде.

ЖАНАР БЕЛЯЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша полиция тергеу жүргізуде. Оқиға салдарынан үш жолаушы ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, 29 мамыр күні Астана – Павлодар жолында Hyundai Tucson автокөлігінің жүргізушісі жолдың қисық сызықты қоршау бөлігіне соқтығысқан.

Апаттан соң ауыр жарақат алған жастары енді жиырмадан асқан жігіт пен қыз және 62 жастағы әйел де ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз дейді. Ал қос аяғы кесілген студенттің өмірі қыл үстінде. Оны аман алып қалу үшін облыстан бөлек, республикадан да білікті мамандар тартылыпты.

← Барлық жаңалықтар