Жолда жалған және жасырылған «нөмір» тағып алатындар анықталды. Оның бәрі ақылы трассада жүрген жүргізушілерден анықталып отыр. Жыл басынан бері мұндай екі мыңға жуық дерек тіркеліпті. «ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, кейбір жүргізушілер жолдың ақысын төлемес үшін немесе қателіктерін жасыру үшін осындай қадамға барады екен. Мысалы, жүк көліктерінің бірінде арнайы құрылғы бар. Батырманы бассаң – нөмір көрінбей қалады, сәйкесінше камера «оқи алмайды». Барлық дерек тиісті орындарға беріледі. Жалған нөмір тағып, тәртіпті сақтамағандар заң алдында жауап береді. Ол үшін әкімшілік жауапкершіліктен бастап, көлік басқару құқығынан айыруға дейін жаза бар.