Қазақстан халқының саны 20 миллион 562 мыңнан асты. Ұлттық статистика бюросы отандастарымыздың қарасы қанша өскенін жариялады. Сонымен, жаңа дерек бойынша 13 миллионнан астам тұрғын қалада тұратын болып шықты. Ал қалғаны ауылды жерлерде шоғырланған. Ал бала санына келер болсақ, Қазақстанда 18 жасқа толмаған 6,9 миллион жеткіншек бар екен. Соның ішінде ұлдардың үлесі 51,4, ал қыздардыкі 48,6 пайыз. Балалар ең көп тұратын өңір – Түркістан және Алматы облыстары болып тұр.
Маржан Нүсіпбек