Мазмұнға өту
· 14 қаралым

Зейнетке шығу жасы ұлғая ма?

Елімізде алдағы уақытта зейнетке шығу жасы өзгермейді. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты. Асқарбек Ертаевтың сөзінше, Әлеуметтік кодексте бекітілгендей, қазір ерлер 63-те, әйелдер 61 жасында зейнетке шығады. Ал 2032 жылға қарай зейнет жасы теңеседі. Ал Үкімет зейнетақы жүйесін реформалаудың үш нұсқасын қарастырып жатыр. Осы айдың соңына дейін қандай бастаманың таңдалатыны белгілі болады. Сонымен қатар, министр зейнетақы қорында жинақталған шекті сомадан кім қанша алатыны туралы ақпарат 10 күннен кейін жарияланатынын айтты. Айта кетейік, бұған дейін Үкімет шектік деңгейдің жаңартылған нұсқасын бекіткен болатын.

АСҚАРБЕК ЕРТАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:

Порогтарды белгіледік қой, ол қағидаға қазір біз өзгерістерді енгіздік. Формуланы өзгерттік. Енді зейнетақы қоры есебін дайындап жатыр. 20 жасынан 63 жасына дейін қандай зейнетақы қорының шегі болатынын.

← Барлық жаңалықтар