Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Щучинсктегі жарылыс: тергеу аяқталды

12 адамның өмірін қиған Щучинсктегі «Палау орталығында» болған жарылысқа қатысты тергеу аяқталды. Ақмола облысының прокуратурасы істі сотқа жолдауға тас-түйін дайын. Қазір күдіктілер мен олардың қорғаушылары материалдармен жіті танысып жатыр екен. Рәсім аяқталған соң резонансты оқиға бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Ал апат бойынша 3 адам ұсталған. Олар мейрамхана иесі, автогаз құю станциясының басшысы мен газ баллондарын жеткізуші маман. Еске салайын, бұл қайғылы оқиға биыл 26 ақпанда болған еді. Дәмханада қонақтар алаңсыз тамақтанып отырғанда газ баллоны жарылып, соңы алапат өртке ұласқан еді. Қайғылы оқиғадан 12 адам опат болып, 26 азамат түрлі дене жарақатын алды. Қазір күдіктілер мен олардың қорғаушылары қылмыстық іс материалдарымен танысып жатыр.

← Барлық жаңалықтар