Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Ауладан баланың мәйіті табылды

Маңғыстау облысында 12 жастағы баланың мәйіті үйдің ауласынан табылды. Болжам бойынша, жеткіншек қолдан жасалған әткеншекте ойнап жүріп, аса ауыр жарақат алып, сол жерде жүріп кеткен. Жазатайым оқиға Мұнайлы ауданының Атамекен ауылында болған. Ал тұрғындардың сөзінше, бір бала оны бастапқыда ойнап жүр деп ойлапты. Тек сұлық түсіп жатқанын көрген соң, жақындап барғанда бетінің көгеріп, аузынан ақ көбік аққанын байқапты. Бұл оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған. Баланың ажалы нақты неден болғаны анықталып жатыр. Құқық қорғау органдары мен сарапшылар баланың өліміне не себеп болғанын анықтап жатыр.

← Барлық жаңалықтар