Мазамызды алып, жүйкемізді жұқартып жүрген автоқоңыраудан құтылатын күн алыс емес. 30 маусымнан бастап Kcell мен Activ бұл қызметті кезең-кезеңімен өшіре бастайды. Ал Beeline компаниясы 1 шілдеден бастап толық тоқтататынын хабарлады. Енді бұдан былай қайта-қайта дыз етіп, ала бергенде өшіп қалып, берекемізді қашыратын жүйе болмайды. Еске сала кетейік, бұл мәселені Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мінберде көтеріп, ретке келтіруді сұраған еді. Ұялы байланыс операторлары бұл қызметті өшіру жұмыстарын кезең-кезеңімен аяқтайды.