Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Полиция бастығы мас күйде көлік жүргізген бе?

Мас күйде көлік басқарды деп күдікке ілінген полиция бастығы қызметінен кетуі мүмкін. Жамбыл облысындағы Сарысу ауданы әкімшілік полиция бөлімінің басшысы тараздық тәртіп сақшыларының құрығына түсіп, басы бәлеге қалды.

Шенді рөлде қарындасым отырды деп ақталуға тырысса да, әріптестері міз бақпады. Көрмейтінді көріп қоятын сақшылар еш илікпеді. Видео әлеуметтік желіге тарап кеткен соң, облыстық полиция департаменті де үнсіз қалмады. «Заңсыз әрекет жасағаны үшін аталған тұлға теріс себептермен ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылады. Ешкімнің лауазымына да, шеніне де қарамаймыз», – деп қысқа қайырды.

← Барлық жаңалықтар