Халықтың үнін есту – басты міндет! Елордада Amanat партиясының ұйымдастыруымен қоғамдық қабылдау өтті. Мұнда әр саланың мамандары халықпен жүздесіп, арызын тыңдап, мәселесін шешуге атсалысты. Әсіресе, көпшілік тұрғын үй, әлеуметтік көмек және білім саласы бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Іс-шараның басты міндеті – жұмыстан қолы тимейтін, ақпаратты нақты ала алмай жүрген жандарға көмектесу. Жалпы жыл басынан бері тұрғындардан 800-ден астам өтініш түскен екен. Партияның бастамасымен 500-іне түсіндірме жұмыстары жүргізіліпті. Ал 300-ден аса мәселе түбегейлі шешімін тапқан.
МҰХАММЕД БОЛЫСБЕК, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Біз қазіргі таңда 5 сауда орнын араладық, 5 сауда орнында 224 өтінішті қабылдадық. Өтініштен бөлек, біз түсіндірме жұмысымен, сондай-ақ бағыт-бағдар да беріп жатырмыз. Әрбір сауда орнында бізге 100-ге жуық адам келіп, өздеріне көмегін алып жатады. Кейбір тұрғындар сол жерде мәселелерін шешіп, ризашылықтарын да білдіріп жатады.