Мазмұнға өту
· 10 қаралым

Такси жүргізушісін тапаншамен қорқытты

Алматыдағы боевик. Қала тұрғыны таксисті тапаншамен қорқытып, елдің есін алды. Ол көлік тізгініндегі шетел азаматынынан Алматы облысындағы елді мекендердің біріне апарып тастауды талап еткен. Жүрегі аузына тығылған жүргізуші тәртіп сақшыларын көре сала тоқтапты. Бірден көліктен атып шығып, полицейлерден көмек сұраған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері дереу әрекет етіп, темір тұлпардың жолын бөгепті. Сосын артқы орындықтағы күдіктіні қолға түсірген.

Бір қызығы, боевиктің арты экшнға ұласты. Тәртіп сақшыларының қызметіне алаңдаған тізгінші жол шетіндегі такси көлігіне келіп ұрған. Полицейлер жүргізушілерді қандай жағдай болмасын қырағылық танытуға шақырды.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Мәлім болғандай, қолында ойыншық тапаншасы болған екен. Қазіргі таңда Жетісу аудандық полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалды. Бұл арнайы операцияны жүргізу барысында тағы да жол-көлік оқиғасы орын алды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Барлық деректер тіркеліп, қазіргі таңда тексерілуде.

← Барлық жаңалықтар