Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Камера жаяу жүргіншілерге де айыппұл салады

Көшедегі камера жүргізушілерді қойып, енді жаяу жүргіншілерді де түсіреді. Бағдаршамның қызыл түсіне өтемін деп, 43 мың теңге айыппұл арқалап жүрмеңіз. Сондай ақылды өткелдердің бірі Қарағандыда іске қосылыпты. Жүйе жол ережесін бұзғандарды тіркеп қана қоймай, Face ID арқылы ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдарды да анықтайды. Заңды бірінші рет бұзғандарға 8 650 теңге, ал қайталаған жағдайда 43 250 теңге айыппұл салынады екен. Полицияның дерегінше, жыл басынан бері өңірде 54 тұрғынды көлік қағып кеткен. Оның бесеуі қаза тапты. Апаттардың көбі адамдардың жолды белгіленбеген жерден өтуінен болған.

← Барлық жаңалықтар