Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Украинада отырып Қазақстанда есірткі саудалағандар ұсталды

Киевте отырып Қазақстанда наркокурьерлерді басқарған колл орталықтың қызметі әшкереленді. Тергеу мәліметінше, қылмыстық ұйым Еуропа мен ТМД елдерінде синтетикалық есірткі өндіріп, таратумен айналысқан. Операторлар әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы азаматтарға жоғары табыс ұсынған. Кейін оларды есірткіні сақтау, тасымалдау және жасырын орындарға қалдыру сияқты заңсыз әрекеттерге жұмылдырған. Бірлескен операция барысында 11 адам ұсталды. Тінту кезінде ондаған мың доллар мен еуро, қымбат көлік, ұялы телефондар және компьютер тәркіленді.

ЕЛДАР ӘБДІКЕНОВ, ҚР ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Тергеу барысында бұл орталықтардың адамдарды есірткі бизнесіне тарту үшін пайдаланылғаны анықталды. Операторлар мен менеджерлер Қазақстан аумағында есірткі жасырушы және есірткі ораушы рөліне адамдарды іздеп, оларды заңсыз жұмысқа қабылдаған. Қазір тәркіленген техникадағы мәліметтер зерттеліп жатыр. Сонымен қатар ұйымдастырушылардың аккаунттары анықталып, қаржылық тергеу жүргізілуде.

← Барлық жаңалықтар