Мазмұнға өту
· 11 қаралым

Елден қуылған қыздар Астанада тайраңдап жүр ме?

Алматылықтардың зәресін алған жасөспірімдер енді бас қаланы басына көтерді. Желіде агрессивті қыздардың тағы бір видеосы тарады. Бейнежазба авторының сөзінше, соттың шешімімен елден шығарылған бір топ қыз енді елордалықтардың мазасын қашырып жүр. Дегенмен тұрғындардың арыз-шағымынан соң тексеріс жүргізген полицейлер бұл кадрлар осыдан екі жыл бұрын түсірілгенін анықтапты. Ал алматылықтардың үрейін ұшырған жасөспірімдер қазір ел аумағында емес. Еске салайын, биыл сәуір айында балалар дәмханада отырған келушілерге жақындап, ақша талап еткен, ал бас тартсаң болды, жанжал шығарып, тас атқан. Кейін тәртіп сақшылары бұл қыздарды көші-қон заңнамасы аясында шекарадан шығарып, еліне қайтарды.

← Барлық жаңалықтар