Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Әл-Фараби даңғылындағы апат бойынша кімге кешірім берілді?

Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына байланысты үшінші марқұм Томирис Қыдырбектің отбасы сотталушы Александр Пакқа кешірім берді. Зардап шеккен үш әулет те кінәлі жүргізушімен татуласып, айыпталушы келтірілген моральдық және материалдық барлық шығынды өтегенін айтты. Және кінәсін әу дегеннен толық мойындап, өкінетініне иланыпты. Сот отырысы ашық түрде өткенімен, сотталушы да, жәбірленушілер де процеске онлайн қатысуда. Сондықтан марқұмның анасының мәлімдемесін аудармашы оқыды.

Жол апатының ауыр салдарына және қызымның қазасына қарамастан, мен және менің туыстарым Александр Пакті кешіреміз. Біз татуласып, сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Кешірім сұрады. Қазіргі таңда менің Александр Пакқа ешқандай материалдық, моральдық талабым жоқ. Татуласу өз еркімізбен болды.

Сот отырысында апат болған күні айыпталушымен мейрамханада бірге отырған куәгерлерден де жауап алынды. Олардың бірі ішімдік ішкенін көрмесе, екінші қыз Пакпен сол күні ғана танысқанын айтты.

← Барлық жаңалықтар