Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Премьер-министр сайлауда жеңіске жетті

Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянды сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтады. Жақында аталған елдегі саяси додада «Азаматтық келісім» партиясы зор басымдық танытып, сенімді нәтижеге қол жеткізген еді. Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесінің жауапты қызметіне толайым табыс пен жаңа жетістіктер тіледі. Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, белсенді түрде жалғастыруға дайын екенін ерекше атап өтті.

← Барлық жаңалықтар