Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Көлік қозғалысы шектеледі

Қадірлі көрермен, құлақ түріңіз! Ұлттық қауіпсіздік комитеті қазақстандықтарға маңызды үндеу жолдады. Ел аумағында «Найза-Антитеррор-2026» терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығуы өтіп жатыр. Осыған байланысты кейбір аумақта автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Комитеттің Терроризмге қарсы орталық штабы азаматтарды түсіністікпен қарауға шақырып отыр. Айта кетейін, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шара 30 маусымға дейін жалғасады.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар