Мазмұнға өту
· 16 қаралым

Әр әйел бақытты болуға лайықты

Тұрмыста теперіш көріп, көмекке мұқтаж болғандардың қатары сейілмей тұр. Жыл басынан бері елімізде 2400-ден астам нәзік жан үйдегі зорлық-зомбылықтың құрбаны болып, арнайы орталықтардан араша іздеген. Бұл туралы бүгін Парламент қабырғасында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді. Қазір республика бойынша жәбір көргендерге пана болатын 61 дағдарыс орталығы қызмет етеді.

САНЖАР ӘДІЛОВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Олардың 49-ында жалпы сыйымдылығы 1200 орыннан асатын уақытша паналау орындары бар. Жыл басынан бері бұл ұйымдарға 2400-ден астам адам жіберілді. Дағдарыс орталықтары азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсетеді. Сондай-ақ республика бойынша 158 отбасын қолдау орталығы жұмыс істеп тұр.

Вице-министр өз сөзінде әр әйелдің ары мен бостандығы, қауіпсіздігі қатаң сақталатынын еске салды.

← Барлық жаңалықтар