Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Ым тілімен сөйлейтіндер жедел жәрдем шақыра алмайды

Қарапайым жаңалық көру былай тұрсын, жедел жәрдем шақырудың өзі қиын. Депутаттар есту және сөйлеу қабілеті бұзылған жандардың мәселесін көтерді. Екатерина Смолякованың сөзінше, елімізде осындай 30 мыңнан астам азамат тұрады екен. Бірақ олар қолданатын ым тілінің ресми мәртебесі жоқ. Бүгінде көпшілігі соның зардабын тартып жүр. Тіпті мектепте оқитын 5000-ға жуық құлағы естімейтін бала бар. Олар үшін де дұрыс жағдай жасалмаған. Сондықтан мәжілісмен ым тілін дамыту үшін нақты шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

ЕКАТЕРИНА СМОЛЯКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Ым тілінің ұғымын Әлеуметтік кодекске енгізу керек. Ол тілдің не екені де жоқ қой бізде. Екіншіден, ым тілі саңырау азаматтардың коммуникация тілі екенін таныту. Осы екі түзетуді біз ұсындық. Біздің деңгейімізде ол қолдау тапты. Сенат қолдаса, бұл нормалар, ым тілі Әлеуметтік кодекске енеді. Заңмен бекітілетін болады.

← Барлық жаңалықтар