Мазмұнға өту
· 4 қаралым

Мектеп оқулықтарында қате көп

Мектептегі оқулықтарда қате өріп жүр. Оның ішінде техникалық және стильдік олқылықтар, деректік қателер, мазмұнға сәйкес келмейтін иллюстрациялар, ескірген әдіс-тәсілдер, бәрі бар. Мұндай кемшілік 700-ден аса кітаптан табылған. Тіпті кейбірі 9 жыл бойы жаңартылмай келген көрінеді. Бұл туралы вице-премьер өзінің Facebook парақшасында жариялады. Білім саласындағы былықты жайып салған Аида Балаева әр оқулықтың мазмұны дәл, дерегі шынайы әрі заман талабына сай болуы тиіс деп ескертті. Қазіргі таңда Оқу-ағарту министрлігі кітаптарды кезең-кезеңімен жаңарту жұмыстарына да кірісіп кеткен.

Мектеп оқулықтарының сапасы жекелеген баспалардың ғана мәселесі емес екенін де атап өткім келеді. Бұл – елдегі білім сапасына, демек балаларымыздың келешегіне тікелей ықпал ететін маңызды мәселе. Оқулық сараптаманың формалды талаптарына ғана сай болып қоймай, мемлекеттің, қоғамның және білім беру жүйесінің бүгінгі сұранысына толық жауап беруі тиіс. Білім саласы формалды көзқарасты көтермейді. Баланың қолына тиетін әрбір оқулық сапалы, мазмұны дәл, дерегі шынайы және уақыт талабына сай болуы керек.

АИДА БАЛАЕВА, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:

Мектеп оқулықтарының сапасы жекелеген баспалардың ғана мәселесі емес. Бұл – елдегі білім сапасына, демек балаларымыздың келешегіне тікелей ықпал ететін маңызды мәселе.

← Барлық жаңалықтар