«Аты бар, бірақ заты жоқ» заң ақыры күшін жоюы мүмкін. Шенеуніктер ақылдаса келе, кальян бизнесін заңдастыру қажет деп тапқан сыңайлы. Өйткені, қорқорға қатысты тыйым болса да, ережеге бағынып жатқан жан баласы жоқ. Ал айыппұлды тұтылған қарапайым тұрғындар ғана төлеп отыр. Бұл тақырыпқа қатысты Қаржы министрі Мәди Тәкиев те пікір білдіріпті. Ведомство басшысының сөзінше, кальян бизнесін заңдастырып, кәсіп иелеріне арнайы лицензия тарату арқылы қыруар қаржы табуға болады екен. Шенділер пайда көлемін де есептеп қойған секілді. Болжам бойынша бюджетке бизнестен 50 млрд теңге таза кіріс түседі.