Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 120 қаралым

Бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақысы көтерілді

Соңғы үш жылда бюджет саласында жұмыс істейтін 1 миллионнан астам азаматтың жалақысы көтерілді. Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмриннің айтуынша, 600 мың педагогтің жалақысы 25 пайызға, әлеуметтік саладағы қызметкерлердікі орта есеппен 30 пайызға өсті. Ал медицина мамандары мен азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының еңбекақысы шамамен 20 пайызға көбейген. Үкімет алдағы жылдары да халық табысын арттыру жұмыстарын жалғастырмақ. Осы мақсатта 2026-2029 жылдарға арналған жаңа жоспар әзірленді.

ЕРДІЛДА ТАУТЕНОВ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

6 бағыт бойынша 59 іс-шара бар. Оның ішінде бюджетке тәуелді салаларда азаматтық қызметкерлерге жалақыны көтеру. Өйткені бюджеттен басқа табыс көздері жоқ. Ал бюджеттік емес салаларда ол жерде бәсекелестік заңы, бизнес өзі көтереді. Тау-кен өндірісінен бөлек ішкі өнеркәсіпті дамыту арқылы және қосылған құнды көбейту арқылы еңбек өнімділігін арттырып, осы жолмен халықтың табысын арттыру қарастырылып отыр.

Сондай-ақ жиында халықтың банк алдындағы қарыз мәселесі де көтерілді. Азамат Әмриннің айтуынша, елімізде шамамен 9 миллион азаматтың несиесі бар. Жалпы қарашаның қаржы ұйымдары алдындағы жалпы берешегі 16 триллион теңгеден асады.

АЗАМАТ ӘМРИН, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

«Бірінші кредиттік бюро» аналитикалық орталығының деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бюроға ақпарат беретін барлық ұйымдар алдындағы халықтың қалдық берешегі 27,5 трлн теңге. Аталған сомаға жеке кәсіпкерлердің несиелері кірмейді, ал ең жақын төлемге есептелген сыйақы ескеріледі және есептен шығарылған берешек қамтылмайды. Орта есеппен бір адамға 4,4 несие тиесілі.

← Барлық жаңалықтар